Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ҚР Ұлттық Банкінің инвестициялық қызметі

Зейнетақы активтерінің валюталық портфеліне қатысты жаңа стратегиялық үлестірім аясында зейнетақы активтері дамушы және дамыған елдердің облигациялары мен акцияларының ғаламдық индексіне инвестицияланатын болады. Бұл жерде индекс - тәуекел мен табыстылықтың белгілі бір шамаларына жауап бере алатын қаржы құралдарының жиынтығы. Оларды инвесторлар эталонды портфельдер ретінде қолданады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі дербес басқару аясында арнайы механизм әзірледі. Ол макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау негізінде инвестициялық жағынан тартымды елдерді таңдауға мүмкіндік береді. Ал бұл елдер JPMorgan және Merrill Lynch компанялары әзірлеген және қадағалайтын, дамушы елдер облигацияларының ғаламдық индексіне енген.      

2017 жылы зейнетақы активтерін инвестициялау мақсатында жүргізілген талдау нәтижесінде тұрақты макроэкономикалық көрсеткіштерге және кредиттік рейтингтерге ие 11 дамушы ел таңдап алынды. Олар Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америкасы және Шығыс Еуропа аймақтарындағы мемлекеттер.

2017 жылдың қарашасында Ұлттық Банк зейнетақы активтерін Бразилия, Мексика, Чили, Перу, Польша, Индонезия және басқа да дамушы елдер Үкіметінің АҚШ долларында номинирленген мемлекеттік бағалы қағаздарына кезең-кезеңмен инвестициялау шараларын қолға алды. 

2018 жылдың 1 сәуіріне қарай зейнетақы активтерінің 73,29 пайыздан астамы рейтингі «ААА» -дан «BBB-»-ға дейін болатын, тәуекелі ең төмен қаржы құралдарына, ал 15,58 пайызы ұстамды дәрежедегі тәуекелі бар (рейтингі «ВВ+» -тен «В-») қаржы құралдарына орналастырылды. Бұл ретте 849 млрд теңгенің қаржы құралдары (инвестициялық портфельдің 10,08 пайызы) рейтингтік бағаға ие емес. Соған қарамастан олардың эмитенттері алдыңғы қатарлы халықаралық агенттіктер тарапынан барабар кредиттік рейтингтерге ие немесе инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады және олар бойынша қаржыны қайтару жөнінде мемлекеттік кепілдік бар.    

 

 

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz