Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Whatsapp-та

«БЖЗҚ» АҚ Whatsapp қызметінің – тұтынушылармен, оның ішінде шетелде жүргендермен 8-777-000-1418 нөмірі бойынша қашықтықтан өзара әрекеттесудің жаңа арнасын енгізгендігін хабарлайды.    

Жаңа қызмет Қор бөлімшесіне келмей-ақ немесе байланыс орталығына хабарласпастан жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі туралы қажетті ақпаратты автоматты түрде тез алуға мүмкіндік береді.  

БЖЗҚ пайдаланатын ақпараттық технологиялар зейнетақы қызметінің сапасы мен қолжетімділігін жетілдіруге және дамытуға мүмкіндік береді. 

 (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы