Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қазақстан бойынша 46 ХҚКО-да туу туралы куәлікті 3 сағат ішінде алуға болады

Азаматтық хал актілерін тіркеу, баланың туылуын тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, неке бұзуды тіркеу (ерлі-зайыптылықты) секілді қызметтерді енді 3 сағат ішінде алуға болады.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлескен пилоттық жобасы айдың басынан басталғанын естеріңізге саламыз. Бұл ретте, азаматтық хал актілерін тіркеуді тек Астананың тұрғындары ғана № 1 Есіл аудандық бөлімнен ала алатын. Енді пилоттық жобаны Е-ХҚКО қағидаты бойынша 10 облыс және Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары пайдалана алады.Жеделдетілген режимде АХАТ бағыты бойынша қызметтерді ресімдеуге болатын ХҚКО-ның толық тізімін https://gov4c.kz/kk/2017/07/20/aza-stan-bojynsha-46-h-ko-da-tuu-turaly-ku-likti-3-sa-at-ishinde-alu-a-bolady/ алуға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жобаның мәні-«Е-ХҚКО» бірыңғай қызметкөрсету орталығы қағидаты бойынша қызмет берушіден қызмет алушыға құжаттарды жедел жеткізу.

«Азаматтардың жеделдетілген режимде АХАТ қызметтерін алуы үшін, Астана қаласы бойынша біз Астана қ. № 1 ХҚКО бөлімінде АХАТ қызметкерлері үшін жұмыс орындарын, ал өңірлерде - «Е-ХҚКО» қағидаты бойынша АХАТ қызметкерлерінің ХҚКО бөлімдерімен бір ғимаратта орналасуын ұйымдастырдық. Енді олар логистикаға уақыт жоғалтпай, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер енгізу функцияларын сол жерде орындайтын болады»,-дейді Оспанов.

Ол пилотты іске қосқан сәттен бастап жеделдетілген режимде 462 мемлекеттік қызмет берілгенін де айтып өтті, оныңішінде 428 - туу туралы куәлік, 17 - қайтыс болуды тіркеу, 17 - соттың шешімі негізінде некені бұзу.

Бұрын АХАТ бағыты бойынша бұл қызметтер мемлекеттік қызметстандартына сәйкес,қайтыс болуды тіркеу - бір жұмыс күні ішінде,бала тууды тіркеу және 2008 жылдан кейін тіркелген, заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені бұзуды тіркеу - 2 жұмыс күнінде жүзеге асырылған.

Сағат17.00-ден кейін берілген өтініштер бойынша көрсетілген қызметтердің нәтижесі келесі күні сағ. 12.00-ге дейін берілетінінайта кеткен жөн.

Жақын уақытта Е-ХҚКО қағидаты бойынша қызметтерді алуға болатын фронт-офистердің толық тізімі:

Алматы қ.

1. Бостандық аудандық № 1 бөлімі –Алмагүл ш/а, Ходжанов к-сі, 9А

2.Жетісу аудандық № 1 бөлімі, Құлагер ш/а, Серіков к-сі, 6А

Ақмола облысы

3.Сандықтау аудандық бөлімі-Балкашино а., Абылайхан к-сі,119 А.

4. Зеренді аудандық бөлімі-Зеренді а., Бейбітшілік к-сі, 52

Алматы облысы

5. Ақсу аудандық бөлімі-Жансүгіров к., Қабанбай батыр к-сі, 20.

6. Алакөл аудандық бөлімі- Үшарал қ., 8 наурыз к-сі, 63.

7. Балқаш аудандық бөлімі –Бақанас а., Бижанов к-сі, 25А.

8. Қапшағай қалалық бөлімі –Қапшағай қ.. 1 ш/а., 41

9. Еңбекші аудандық бөлімі- Есік қ., Абай к-сі, 314 А

10. Есіл аудандық бөлімі- Қарабұлақ к., Шестаков к-сі, 17

11. Іле аудандық бөлімі- Өтеген Батыр к., Қуат ш/а., Тәуелсіздікке 10 жыл к-сі, 23

12. Қаратал аудандық бөлімі –Үштөбе қ., Абылай хан к-сі, 22

13. Кербұлақ аудандық бөлімі-Сарыөзек к., Момышұлы к-сі, 1В

14. Панфилов аудандық бөлімі-Жаркент қ.,Головацкий к-сі, 51Б

15. Райымбек аудандық бөлімі-Кеген а.,Момышұлы к-сі, н/з

16. Сарқан аудандық бөлімі-Сарқан қ., Жамбл к-сі, 44

17. Талғар аудандық бөлімі– Талғар қ., Лермонтов ксі, 53А

18. Талғар ауданы Текелі қ. бөлімі секторы –Текелі қ., Тәуелсіздік к-сі, 9

19.Ұйғыр аудандық бөлімі-Чунджа а., Қасымбеков к-сі, 35

Атырау облысы

20. Мақат аудандық бөлімі-Мақат к., С. Мукашев к-сі, 36

Шығыс Қазақстан облысы

21.Өскемен қ. № 3 бөлімі-Белинский к-сі, 37А

22. Абай аудандық бөлімі –Қарауыл а., Құнанбай к-сі, 12

23. Бородулиха аудандық бөлімі –Бородулиха а., Молодежная к-сі, 25

24. Зырянаудандық бөлімі- Зырян қ. Стахановская к-сі, 39

25. Курчатов қ. бөлімі – Тәуелсіздік к-сі, 4

Батыс Қазақстан облысы

26.Бөкейорда аудандық бөлімі –Сайхин к. Бергалиев к-сі, 1

27. Сырым аудандық бөлімі- Жымпиты к. Қазақстан к-сі, 11/2

Қарағанды облысы

28.Қарағанды қ. № 2 бөлімі-Чкалов к-сі, 7

29. Қарағанды қ. № 4 бөлімі–Архитектура көш., 8

30.Балқаш қ. бөлімі-Бөкейхан к-сі, 20А

31.Қаражал қ. бөлімі-Ленин к-сі, 18

32. Қарқаралы аудандық бөлімі-Қарқаралы қ., Аубакиров к-сі, 21

33. Нұра аудандық бөлімі- Киевка к., Сүлейменов к-сі, 2

34. Осакаров аудандық № 1 бөлімі– Осақаров к., Пристанционная  к-сі,12

35.Саран қ. бөлімі-Жамбыл к-сі, 85/3

36.Шахтинск қ.№1 бөлімі -  Абай даңғ., 65Б

Қызылорда облысы

37. Қызылорда қ. № 1 бөлімі- Ғ. Мұратбаев к-сі, 2Е

Маңғыстау облысы

38.Отдел Мунайлинского района -с.Мангистау,  24 квартал, строение 10/3

Павлодар облысы

39. Ертіс аудандық бөлімі- Ертіс а. И. Байзақов к-сі, 14

40. Качир аудандық бөлімі- Тереңкөл а., Тургенев к-сі, 85А

41. Павлодар аудандық бөлімі- Павлодар қ., Толстой к-сі, 10

42. Успен аудандық бөлімі- Успен а., Тәуелсіздікке 10 жыл к-сі, 30

43. Лебяжі аудандық бөлімі-Аққу а., Ташимов к-сі, 114

44.Павлодар қ. № 2 бөлімі–Исиналиев к-сі, 24

45. Ақсу қ. бөлімі –Ленин к-сі, 10

Солтүстік Қазақстан облысы

46.Петропавл  қ. № 2 бөлімі – Қазақстан Конституциясы к-сі, 72