Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жасөспірімдер арасында волейболдан Халықаралық балалар Фестивалі өтті

2017 жылғы 13-17 сәуірде Ақсу қаласында Ақсу ферроқорытпа зауытының жүлдесіне 2002-2003 ж.т. жасөспірімдер арасында волейболдан Халықаралық балалар Фестивалі өтті. Жарысқа 6 команда қатысты: Екібастұз қаласының №1 БЖСМ, Ерементау қ., Ақсу қ. «Металлург» спорт клубы, Майкаин кенті, Май ауданы және и кібастұз қ. №17 ЖОББМ.

Ойын айналым бойынша өтті. Ақсу қаласының «Металлург» спорт клубының командасына жол беріп   біздің құрама команда екінші орынға ие болды. Үшінші орынды Майкаин кенті иеленді.

«Үздік ойыншы» номинациясынмен Екібастұз қаласының №1 БЖСМ тәрбиеленушісі, №26 мектеп-гимназиясының оқушысы  Арман Кабдуахит марапатталды.

           №1 БЖСМ құрама командасын оқытушы-жаттықтырушы Ермек Бүркітбайұлы Жангуров дайындады.

№1 БЖСМ әкімшілігі құрама команданы іс-сапарға жолдағаны үшін «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ алғыс білдіреді.