Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Менингиттің алдын алу

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша жыл сайын менингококкты инфекцияның 500000 жағдайына дейін тіркеледі, оның ішінде 50000 өліммен аяқталады. Менингококкты инфекция ауыр ағыммен жүретіндіктен, 5-10% өліммен аяқталатындықтан аса қауіпті.

Менингит жұқпасының қайнар көзі болып науқас адам және бактериятасушы болып саналады. Ауру ауа-тамшы жолдары арқылы жұғады. Әсіресе жылы жайда ауаның жоғары ылғалдылығы кезінде ұзақ тығыз қатынаста болу аса қауіпті.

Ауру жіті қарқынды басталады, дене қызуы 38 градус С дейін көтеріледі, қатты бас ауырады, мазасыздық немесе ұйқышылдық болады. Аурудың белгілері тұмау, жөтел, денеде бөртпелер шыға бастайды, тіпті адам құсу да мүмкін. Сәби балаларда асқазан-ішек жолының дисфунциясы да болады.

Менингитті менингококктан басқа бактериалды микрофлора (гемофильді таяқша, пневмококк, стафилококк, эшерхия, сальмонеллалар, көкшіл іріңді таяқша, клебсиеллалар, листериялар, Кандида текті саңырауқұлақтар), энтеровирустар тудыру мүмкін.

Энтеровирустық жұқпамен ауру проблемасы әсересе жазғы кезеңде өзекті. Ауру ішкі ортада: су құбыры суында - 18 күнге дейін, өзен суында – бір айдай, тазартылған ағынды суларда – 2 айға дейінтұрақты энтеровирустармен туындайды.

Жұқпаның қайнар көзі болып тек науқас және вирустасушы ғана саналады. Таралудың негізгі жолдары – су арқылы, тұрмыстық қатынас, ауа-тамшы жолдары.

Вирус ластанған су, ойыншықтар, көкөністер, жемістер, қолдар, тағам азық-түліктері арқылы таралады. Адамдар лық толы жерде ауа-тамшы жолдары арқылы да жұғу мүмкін. Инкубациялық кезең орташа алғанда бір аптаға дейін.

Серрозды менингит – бұл серрозды қабыну үрдісімен сипатталатын бас миының қабыршықтарын қарқынды зақымдау. Жіті қарқынмен, жоғары температурамен басталады. Аурудың 1-2 күні қатты бас ауруы, құсу, кейде ұйқышылдық, әлсіздік пайда болады.

Энтеровирустық жұқпалармен мүмкін болатын жұқпалануды болдырмау үшін жеке бас тазалығын сақтау қажет:

Аурушаңдылықтың маусымдық көтерілуі кезінде адамдардың жаппай жиналған орындарында болуды шектеген жөн.

Аса маңызды: аурушаңдылық белгілері анықталғанда (дене қызуы, бас ауруы, тері түсінің өзгеруі және т.б.) емдеу мекемесіне көмекке жүгіну керек.