Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Наурыз мейрамы-2017»

Табиғаттың қайта жаңғыруы мен өзгеруін  паш ететін көктем мерекесі Наурыз мейрамын Достық үйі ерекше атап өтті.Осы айтулы мереке күні Екібастұз қаласының бүлдіршіндері мен балаларына, мектеп оқушылары мен қонақтарға арналған тақырыптық шаралар  өтті. 14-ші 22 наурыз аралығында ұлттық орталықтар Достық үйінде  «Наурыз  балаларға» атты ойын-сауық, әрі танымдық бағдарлама ұйымдастырды.  Бұл шарамен 600 жуық адам қамтылды. Наурызға арналған  мәдени шара қаланың орталық алаңында жалғасты.Достық үйі этно-фото аймағында киіз үй қойды,  сонымен бірге үздік киіз үй байқауына қатысты.

Қазылар алқасы бірлігі, татулығы жарасқан Достық үйінің көпұлтты ұжымның ұлттық  тағамдарына, салт-дәстүрлеріне, театрландырылған көріністеріне жоғары баға берді. Ұлыстың Ұлы күні немістердің Кухе, Кребли, Штрудель, азербайжандардың Шакер бура, Шор черек, Бшни, Лаванги, орыстардың Бдины мен Крендели, корейлердің Кадюри мен Бегодя, украиндардың Пампушки мен Вареники, татарлардың Чак-чак пен Оч помчак, беларустардың Драники, қазақтардыңғ Бауырсақ пен Наурыз көжесі дйындалды.

 Чечен-ингуштардың «Вайнах» орталығы тәтті мағамдар әзірлеп, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Байқау қорытындысы бойынша Достық үйі екінші орын аплып, ақшалай сыйлық алды.

         «Қазақстан» кино-театры алаңында Достық үйінің этномәденибірлестігі мен Достық үйі жастарының шығармашылық орталыңы мерекелік концерттік көрігін қыздырды.

      Жақсылықтың, мейірімділіктің, бейбітшіліктің жаршысы Наурыз мерекесі әр отбасына ырыс пен бақыт әкелсін!